Тимофей Скатов Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады
2022 жылғы 16 мамыр 19:18

Тимофей Скатов Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 191-ракеткасы Тимофей Скатов Парижде Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Т.Скатов іріктеу сайыстарының ширек финалында дүниежүзілік рейтингте 145-орында тұрған америкалық Митчелл Крюгермен кездесті.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:1, 6:0 есебімен бет қаратпай ұтты.

Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған матчта Т.Скатов 1 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жібермеді.

Т.Скатов іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін аргентиналық Родригес Таверна немесе словакиялық Филипп Хоранскидің біреуімен таласады.

Бүгін сондай-ақ тағы бір қазақстандық, рейтингте 338- орындағы Денис Евсеев Шымкент челленджер жарысын сәтті бастады.

Ол алғашқы айналымда әлемнің 313- ракеткасы, америкалық Улис Бланчты 6:3, 6:2 есебімен

жолдан тайдырды.

Д.Евсеев екінші айналымда украиналық Эрик Ваншелбойм немесе жапониялық Каичи Учиданың біреуімен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Мароккодағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ теннисші Андрей Голубев әлемдік рейтингіде рекордтық нәтижеге қол жеткізді .


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT