Тимофей Скатов Германиядағы жарыстың финалына шыға алмады

None
Фото: olympic.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның екінші, әлемнің 138-ракеткасы Тимофей Скатов Карлсруэ (Германия) челленджер турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемдік рейтингте 145-орында тұрған чилилік Алехандро Табиломен кездесті.

Бірінші партияны А.Табило 6:4 есебімен өз пайдасына аяқтаса, екіншісінде қарқынын үдете түсті – 6:1.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Т.Скатов 1 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Қарсыласы 3 эйс, 4 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті.

Германиядағы жарыстың жартылай финалына дейін жеткен Т.Скатов ATP Live рейтингісінде қазіргі кезде 132-сатыда тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтік алғаш рет Уимблдонның төртінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Бубликтің келесі қарсыласы белгілі болды.

Михаил Кукушкин АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына жолдама алды.

Жас теннисші Даниал Рахматуллаев Тегерандағы турнирдің чемпионы атанды.


Соңғы жаңалықтар