Тимати қымбат көлігін сатып одан түскен қаржыны балалар үйіне бермек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал ресейлік рэпер Тимати ұрланып, кейіннен Петропавлда табылып айып тұрағына қойылған автомобиліне қатысты түсініктеме берді.

Еске сала кетсек, таяуда БАҚ-тарда ресейлік жұлдызға тиесілі болған автокөлік айып тұрағында тот басып жатқаны туралы мақала жарияланды.

Петропавлда тұрғалы 10 жыл өткен машинаны сатып алуға ниет білдіргендер саны көп болғанымен Audi TT әлі тұрақтан кетпеген.

«Көп жылдан бері араға бір-екі жыл салып осындай мақалалар жарияланып тұрады. Мен оған мән беріп жатпайтынмын, алайда оған қатысты сөзімді айтайын. Шындығында шамамен 14-15 жыл бұрын осы көлік менікі болған. Жауапсыздығымның салдарынан (аулада 4 ай қар басып жатты) машина қолды болды. Мен ешкімге кінә артпаймын және осы оқиғаның маңызы жоқ.  Құдайға шүкір, өз мамандығым бойынша жұмыс істеймін және қазіргі таңда өзіме қажетті кез келген көлікті сатып ала аламын. Осыған байланысты жергілікті БАҚ-тардан бұл тақырыпты қазбалай бермеуін сұраймын, - деп жазды әнші Инстаграмдағы парақшасында. - Мен көліктен бас тартуға қатысты кез келген құжатқа қол қоюға дайынмын. Петропавлдағы айып тұрағының басшысынан дереу көлікті сатуды ұйымдастыруды, одан түскен қаржыны қалаларыңыздағы балалар үйі немесе хосписке беруді сұраймын. Біздің баспасөз кеңсемізбен таяу арада байланысқа шығуларыңызды өтінемін. Қазақстандағы өкіліміз мәміленің таза әрі заңды орындалуына көмектеседі. Рахмет».

фото: politexpert.net

Соңғы жаңалықтар