Тілшілер тіршілігін қамтамасыз етер «Қазмедиа» орталығы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі өз оқырмандарын еліміздің басты студиясы «Қазмедиа орталығы» медиа-кешені жұмысымен таныстырады.

«Көшемен өтіп бара жатқанда жалт-жұлт еткен шынылы биік ғимаратқа көзіңіз бірден түсері анық. Ғимараттың басты тұжырымы да дәл сонда жатыр. Ол журналистиканың, яғни ақпараттың ашықтығын, қолжетімділігін және шынайылығын  білдіреді. Мен бұл ғимараттың әйнегінің ар жағында адамдар немен айналысып жатқанын көре аламын. Өйткені, ғимарат толықтай шыныдан соғылған», - деді медиа-кешенмен таныстырған Коммуникациялар және үйлестіру қызметінің бастығы Әсел Ибраева. 
null

«Қазмедиа орталығы» - жалпы аумағы 68 мың шаршы метрді алып жатқан Қазақстандағы барлық ұлттық медиа хабар таратудың сапалы болуына жауапты жалғыз технологиялық алаң. Телерадио өндірісін оңтайландыру мен жаңғырту мақсатында құрылған орталық. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, орталық алаңы Бейбітшілік пен келісім сарайының екі ғимаратының аумағына тең. Мұнда тікұшақ қонатын алаңнан бастап, телеарналар, радиостансалар және продюсерлік орталықтар жұмысының толыққанды болуына қажетті барлық дүние бар.
null«Бұл жерде ең көбі 4 мыңға дейін адам бір мезетте жұмыс істей алады. Яғни, қала ішіндегі қала десек те болады», - деді ол.

Бүгінде «Қазмедиа орталығында» еліміздің негізгі 8 телеарнасы мен 3 радиосы, атап айтсақ, «Хабар» Агенттігі» АҚ («Хабар», «24 KZ», «KazakhTV» телеарналары), «Қазақстан» РТРК («Қазақстан», «Балапан», «KazSport» телеарналары, «Қазақ радиосы», «Шалқар» және «Астана» радиолары), «Еуразия» Бірінші арнасы, «МИР» ТРК орналасқан.

nullЖоғары технологиялы ұлттық телерадио өндірісін қамтамасыз етуді мақсат ететін ғимаратта эфир таратуға жетекші әлемдік өндірушілердің ең озық заманауи өндірістік және телекоммуникациялық жабдықтар мүмкіндік береді. Жетекші телерадиокомпаниялар мен жекеменшік продакшндардың телевизиялық және радио бағдарламалар дайындауына арналған 400-ге жуық жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Ғимаратқа 14 студия -  телебағдарламалар түсірілімдеріне арналған 4 жаңалықтар, 2 сериалдық студиялар, 2 sky-студия, 1 виртуалды, 1 кіші продакшн-студия, 4 үлкен продакшн-павильондар және 92 монтаждық аппараттық сыяды.
null

Танымал телебағдарламалар түсірілетін студиялар

Бұл ғимараттағы технологиялық аймақтардың бірі еліміздегі тәулік бойы жаңалықтар тарататын «Хабар 24»  телеарнасы пайдаланатын роботталған студия саналады.

null«Бұл ТМД аумағындағы бірегей дүние болып есептелінеді. Тікелей эфирде жаңалықтар шығарумен қалай айналысқаны естеріңізде ме? Студияда бірнеше оператор, суфлер, техникалық қызметкерлер жұмыс істейтін. Бұрындары жүргізуші мен бірге ондаған адам жаңалықтар шығарумен айналысатын. Ал қазір тікелей эфир жүретін студияда тек қана жүргізуші ғана болады. Түсірілімнің барлық процесі автоматтандырылған. Камералар рельспен дыбыссыз әрі еппен ғана жылжиды. Жүргізушімен дәліздің арғы бетіндегі аппараттықта отыратын режиссер ғана жұмыс істейді», - деді орталық бас директорының стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Ерлік Қаражат.
null

Ануарбек Бірімжанов, «Хабар 24» телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі: «Барлығы да мына кружкада кофе деп ойлайды. Ал шындығында мұнда мақта таяқшасы, айна және карандаш...».

nullҒимараттағы ең әдемі орын-жайлардың бірі - бұл 22-қабаттағы 2 sky-студия мен 21-қабаттағы конференция өтетін зал. Астананың сол жағалауын толықтай шолып қарауға мүмкіндік беретін бұл залда кез келген бағдарламаны түсіруге болады. Ал бірінші қабатта ең ірі павильондар орналасқан. Бұл жерде ең танымал қазақстандық телевизиялық ток-шоулар мен телебағдарламалар түсіріледі. Сонымен қатар сериалдар да түсіруге мүмкіншілік бар.null

Медиаоқиғалар орталығы

Орталықтың бірінші қабатында 888 адам сыятын «Қазмедиа холл» киноконцерт залы орналасқан. Мұнда түрлі іс-шаралар, атап айтқанда, концерттер, қойылымдар, форумдар мен ресми кездесулер жиі өтіп тұрады. Мәселен, дәл осы залда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жалпыұлттық телекөпір өтіп, Президенттің «Алтын сапа» премиясының лауреаттары марапатталды, Еуразия медиа форумы, Astana Media Week шарасы ұйымдастырылды.
null

Дәл осы залда өткен медиа оқиғалардың бірі «Тұмар» Қазақстанның бірінші ұлттық телевизиялық сыйлығын табыстау рәсімі болғаны сөзсіз. Бұл шараны өткізуге медиа-орталықтың барлық техникалық мүмкіншілігі жұмылдырылған еді.

Сондай-ақ бұл ғимаратта ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі де орналасқан. Оның алаңында министрлердің, әкімдердің, қоғам қайраткерлердің, танымал жұлдыздардың қатысуымен тікелей эфирде баспасөз мәслихаттары өтіп тұрады.

«Нысанды пайдалануға беру барысында мұндай ауқымды ғимаратта кімдердің жұмыс істейтіндігі туралы мәселе көтерілді. Бос алаңдар өте көп болатын. Ал қазір орын жетіспейді. Мұнда жеке продакшн-студиялар орналасқылары келеді. Себебі, бұл жерде болу ыңғайлы әрі барлық телеарналармен тікелей байланысқа шығып отыруға мүмкіншілік мол. Бұл бір уақытта жұлдыздарды да, қоғам қайраткерлерін де көруге болатын бірегей алаң», - дейді өз кезегінде орталықтың бас директоры міндетін атқарушы с.

ҚМО қызметкерлері бұл ғимаратты «құмырсқа илеуі», «байланыстар орнатқысы келгендер үшін жұмақ», деп қалжыңдап жатады. Қарбалас сәтте холл ортасына келсеңіз, шынымен де барлығын көруге болады.  

nullnullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар