+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

Тілендиев атындағы музыкалық мектептің жекеге өтуі: Баталов пікір білдірді

2019 жылғы 19 қараша 15:00
Бөлісіңіз:
Тілендиев атындағы музыкалық мектептің жекеге өтуі: Баталов пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорғандағы Нұрғиса Тілендиев атындағы музыкалық мектептің жекеге өтуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Мектептер жекеменшікке берілмейтінін кім айтты? Әзірге ешкімге берілген жоқ. Тек (Н. Тілендиев атындағы саз мектебі - ред.) сенімгерлік басқаруға берілуде. Жұмыстар әлі жүріп жатыр. Шешім әлі қабылданған жоқ», - деді Амандық Баталов бүгін елордадағы Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте.

Өңір басшысының айтуынша, өнер ордасы жеке кәсіпкерге сенімгерлік басқаруға берілгеннен кейін, құрал-жабдықтар жаңаланып, ұстаздардың жалақысын көтеру сынды мәселелер де шешімін табады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында Нұрғиса Тілендиев атындағы саз мектебінің ұстаздары мекеменің жекеге өткенін білмей қалғанын айтып, наразылық білдірген болатын. Олардың сөзінше, мекеме директоры сенімгерлік басқаруға беру шешімін ұжыммен ақылдаспай қабылдаған. Ұстаздар өнер ордасы жекенің қолына өткеннен кейін, төлем ақысы бірден көтеріліп, талантты балалардың үйірмелерге қатысуға мүмкіндіктері болмай қалатынына алаңдаулы. Артынша мұғалімдер де жұмыссыз қалатынына болжам жасап отыр.

Фото: zhetysu.gov.kz

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы облысы, Әкім, Аймақ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT