кеше 13:21 Мемлекеттік балабақшаларды толығымен қазақ тіліне көшіру жағы қаралып жатыр – министр АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде барлық мемлекеттік балабақшада оқу-тәрбие тек қазақ тілінде берілуі мүмкін. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.06.2023 21:55 Бейбарыс емес, Байбарыс: мәмлүктанушы Қайрат Сәки сұлтан есімін дұрыс айтуды баба аруағына құрмет деп санайды КАИР. ҚазАқпарат – Сұлтан есімін Байбарыс деп дұрыс айту және жазу – тарихи шындықты қайта қалпына келтiру ғана емес, оның аруағына деген құрмет пен тағзым белгiсi деп санаймыз. Бүгін Мысыр астанасы Каир қаласында Сұлтан әз-Захир Бейбарыс мешітінің салтанатты ашылуына қатысқан қазақстандық ғалым, мәмлүктанушы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Қайрат Сәки осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
31.05.2023 20:02 «Болашақ» үміткерлерінен француз тілін тегін оқуға өтінім қабылдау басталды АСТАНА. ҚазАқпарат – Техникалық қызметкерлер мен IT мамандары бір жыл бойы тегін француз тілі курстарынан өте алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29.05.2023 13:41 Түркі халықтары бір-біріне ұқсас әліпбилер қабылдау бастамасын көтерді АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Түркі әлемінің ортақ әліпбиі жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтіп жатыр. Комиссияның міндеті - латын әліпбиіне көшу кезінде ұсыныстар пакетін әзірлеу, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.05.2023 18:58 «Тіл-Қазына» орталығы қазақ тіліндегі мәтінді дыбысқа айналдыратын Telegram-бот әзірледі АСТАНА. ҚазАқпарат – «Тіл-Қазына» орталығының IT-мамандары қазақ тіліндегі мәтінді дыбысқа айналдыратын Telegram-бот әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.05.2023 02:03 Қонақжай отбасы: ШҚО-да ауылда үш апта тұрып қазақ тілін үйренуге 47 бала өтінім берді ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Қонақжай отбасы» жобасы аясында қазақ тілін үйрену үшін ауылда тұруға 50-ге жуық бала өтінім берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.05.2023 17:36 Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясы өтті ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістандағы «Фараб» кітапханасында «Түркістан – татулық тұғыры» тақырыбында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
17.05.2023 15:11 Петропавлда орыс мектептерінде қазақ сыныбы ашылғанымен, бала саны жетпей жатыр ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 454 мектептің әрбір төртіншісі ғана таза қазақ тілінде сабақ береді. Петропавлдағы үш орыс мектебінде қазақ сыныптары ашылғанымен, бала санын жеткізе алмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.05.2023 13:09 Заң тіліндегі қазақша терминдердің міндетті сөздігі жасалуы мүмкін АСТАНА. ҚазАқпарат – Нормативтік-құқықтық актілер қолданысындағы қазақша терминдердің міндетті сөздіктері жасалуы мүмкін. Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.05.2023 15:39 81 оқушы қазақ тілі мен әдебиеттен Қанипа Бітібаева олимпиадасының жеңімпазы болды АСТАНА. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен пәндік олимпиада өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
02.05.2023 18:30 Мақпал Жұмабай Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» орталығының Бас директоры қызметіне тағайындалды АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылғы 2 мамыр күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының бұйрығымен Мақпал Жұмабай Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» республикалық ұлттық-ғылыми практикалық орталығының Бас директоры болып тағайындалды.
02.05.2023 13:56 Мемлекеттік лауазымға үміткерге қазақ тілін білу бойынша талап жоқ – агенттік АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекеттік лауазымдарға үміткерлердің қазақ тілін меңгеруі бойынша талап заңнамалық деңгейде реттелмеген. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының міндетін атқарған Салауат Мүксімовтің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.05.2023 07:25 Үйімізде барлығы қазақша сөйлейді - қарағандылық ұстаз ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында 100-ден астам ұлт өкілі тұрады. Олардың арасында қазақ тілінде таза сөйлеп, тіпті мемлекеттік тілде сабақ беретіндері де бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.05.2023 20:28 Армян қызы Сюзанна Овсепян: Қазақ әндерін ерекше тамсанып тыңдаймын БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Балқаш қаласында тұратын армян қызы Сюзанна Овсепян қазақ тілін үйренуге оған қазақ халық әндері түрткі болғанын айтады. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген бойжеткен болашақта өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуді мақсат қылып отыр.
30.04.2023 20:48 Қазақ тілі мұғалімі Алена: Тіл үйренем деушілерді шама келгенше қатарымызға тартып жатырмыз КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Мемлекеттік тілді білу - еліміздің кез келген тұрғынының азаматтық парызы. Шәкірттеріме осыны үнемі миына құйып келемін. Көкшетау қаласындағы құрылыс-технологиялық колледжінің биология, қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндерінің оқытушы Алена Малькова-Солопова ҚазАқпарат тілшісіне осылай деді.
27.04.2023 13:08 «Самұрық-Қазына» компаниясында құжат айналымы 68% орысша жүргізіледі АСТАНА. ҚазАқпарат - Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен ұлттық компаниялардың құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесіне жүргізілген мониторинг қорытындысы талданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
27.04.2023 11:42 Қазақ тіліне сұраныс артқанда ғана ол көпшілік кең қолданатын тіл болады – Тоқаев АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақ тіліне сұраныс артқанда ғана ол көпшілік кең қолданатын тіл болады. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.04.2023 23:27 Еуразия ұлттық университетінде қырғыз тілі мен мәдениеті орталығы ашылды АСТАНА. ҚазАқпарат – Еуразия ұлттық университетінде қырғыз тілі мен мәдениеті орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат оқу орынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23.04.2023 22:25 Мемлекеттік тіл саясаты жөніндегі комиссияның құрамы өзгереді АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссия құрамының жаңа мүшелері бекітілмек. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет өкімінің жобасында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.04.2023 11:31 «Шағатай жазуы» дегеннен гөрі «ескі қазақ жазуы» дегеніміз жөн - Дүйсенәлі Әбділәшімұлы АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ тілінің жазу тарихында әліпби жүйесі көне түркі жазуы, соғды жазуы, қыпшақ жазуы қатарлы бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізген болатын. Он ғасырға жуық уақыт бойы қазақ халқы араб-парсы графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланған еді. Ол графика «шағатай жазуы», «шағатай тілі» деп аталып келген. Біз бүгін осы «шағатай жазуы», «шағатай тілі» туралы Қытайдың Бейжіңдегі Орталық Ұлттар университетін, Жапонияның На Гоя және Киото университеттерін тамамдаған, бүгінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих факультетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Дүйсенәлі Әбділашымұлымен сұхбаттасқан едік.