+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 389.52 EUR 429.21
RUB 6.07 CNY 54.94
Jańalyqtar

Тіл жанашырларына Президенттің «Алғыс хаты» берілді

2019 жылғы 20 қыркүйек 19:50
Бөлісіңіз:
Тіл жанашырларына Президенттің «Алғыс хаты» берілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тіл жанашырларына Мемлекет басшысының «Алғыс хаты» берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл «Тіл туралы» Заңның қабылданғанына 30 жыл толып отыр. 1989 жылы 22 қыркүйекте ел тарихында тұңғыш рет «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының тіл туралы» Заңы қабылданды. Бұл – туған тіліміздің көкжиегін кеңейтуге бастау болған алғашқы қадам еді. Ал еліміз Тәуелсіздік алып, өз алдына дербес, егемен мемлекет болғанда, 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциямызда қазақ тілі – мемлекеттік тіл болып бекітілді. Соның нәтижесінде ана тіліміз ұлтаралық қатынас тіліне айналып, ресми құжаттар мемлекеттік тілде жазылатын болды.

«Ана тіліміздің абыройын арттырып, айбарын асырған, мәртебесін бекітіп, мерейін өсірген атаулы датаға байланысты республика шеңберіндегі тіл жанашырларына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Алғыс хаты» берілді», делінген хабарламада.

Ақорда резиденциясында Мемлекет басшысының ықыласын Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев жеткізді. Олардың қатарында Мырзатай Жолдасбек, Өмірзақ Айтбаев, Мұхтар Шаханов, Амангелді Айталы, Смағұл Елубай, Асылы Осман, Сәуле Мешітбай, Сайлау Батырша-ұлы, Кенжехан Матыжанов, Мереке Құлкенов, Шәмшидин Пәттев, Дос Көшім, Қайнар Олжай, Камал Әлпейісова, Еркін Қыдыр, Владислав Тен, Максим Рожин секілді мемлекеттік тілдің кең көлемде қолдануына елеулі үлес қосып жүрген жүзден астам азамат бар. Сонымен қатар, «Ана тілі» ұлт апталығы, «Жас қазақ» қоғамдық-саяси газеті мен Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының «Тіл сақшысы» бағдарламасының ұжымдарына да «Алғыс хат» табысталды.






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT