Тіл комитеті қоғамдық келісім мен патриотизм мәселесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі тақырыбында семинар‑кеңес өткізуде

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 5‑і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Қостанай облысы тілдерді дамыту басқармасымен бірлесе отырып,

қыркүйектің   4-5‑і аралығында Қостанай қаласында «Қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизм контекстіндегі мемлекеттік тілдің рөлі» тақырыбында аймақтық семинар-кеңес өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Тіл комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Аталған басқосудың негізгі мақсаты - республика өңірлеріндегі тілдік құрылыстағы озық тәжірибені тарату, стратегиялық бағыттарды айқындау және оны шешудің жолдарын талқылау. Сонымен бірге басқосуда Қостанай облысындағы тілдік кеңістіктің ерекшеліктері жайында кеңінен пікір алмасулар өрбіп, Қостанай облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы, облыстық ономастикалық комиссияның төрағасы Кенжебек Укин және Аманкелді ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің жасөспірімдер құқығын қорғау инспекторы Ольга Диденко мемлекеттік тіл мәселесіндегі өз тәжірибелерімен бөлісті. 

 Жиынға  қатысушылар жергілікті мемлекеттік органдардағы іс қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуін үнемі басты назарда ұстау, сонымен қатар мемлекеттік тіл саясатын насихаттау жұмыстарына қоғамдық бірлестіктерді, үкіметтік емес ұйымдарды да белсенді түрде қатыстырып отыру мәселелерін атап өтті. Семинар қорытындысы бойынша мемлекеттік тілдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға негізделген шараларды жүйелі түрде өткізу, толеранттық тілдік  орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру жөнінде ұсынымдар қабылданды.

Соңғы жаңалықтар