Тікұшақ винті ер адамның басын жұлып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та тікұшақтың винті ер адамның басын жұлып кетті, деп хабарлайды WFLA телеарнасы шериф кеңсесіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға Американың Флорида штатындағы Эрнандо округінде болған.

«Винттің негізгі қалақшалары тікұшаққа қызмет көрсететін ер адамдардың бірінің басынан соққан», - деп хабарлады округ шерифі Аль Ниенуис.

62 жастағы Сальваторе Диси сол жерде мерт болды. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар