Тікұшақ апатынан қаза тапқандардың тізімі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігі Қызылорда облысы аумағында тікұшақ апатынан қаза тапқандардың тізімін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Роман Костыгов - майор 26.04.1985

Тимур Құдайбердиев - майор 17.09.1985

Аслан Айтбаев - лейтенант 10.11.1994

Данияр Қоңырбай - майор 10.11.1985

Сабыр Тоқбаев - майор 15.12.1977

Сырым Мәсәлім - капитан 11.12. 1989

Қайрат Нұрсапанов - 3-сыныпты сержант 08.10.1973

Мұрат Шәріпов - аға сержант 04.01.1979

Асхат Абдулманат - кіші сержант 21.09.1982

Айдын Әбділдинов - ефрейтор 11.12.1978

Қуаныш Сартықбаев - ефрейтор 08.09.1986

Өмірхан Каукаев - ефрейтор 21.08.1990

Мирас Жұматаев - ефрейтор 10.02.1991

Еске сала кетсек, ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі бұған дейін Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырағанын хабарлаған болатын.

Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, аталған тікұшақ 4 бірдей әскери тікұшақ құрамынан тұратын бөліммен бірге Ақтау қаласынан Шымкентке ұшып бара жатқан. Ұшу сапары арнайы бөлімшелердің «Алтын жебе» кешенді оқу және жаттығу аясында қараңғыда әрі күрделі метеорологиялық жағдайда жүргізілген.

Тікұшақта болған 13 адам қаза тапты.

«Жауынгерлік міндетін атқару барысында ҚР Қарулы күштерінің тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан оқу-жаттығу кезінде бортта болған 13 әскери қызметші қаза тапты. Қазақстан Республикасының бүкіл Қарулы Күштері қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтады. Қорғаныс министрлігінің басшылығы моральдық және материалдық көмек көрсету бойынша барлық шараларды қолға алады», - делінген ҚР Қорғаныс министрлігі сайтындағы ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар