Тікұшақ апатынан қаза тапқандардың аты-жөндері белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағының бортында болған үш экипаж мүшесі мен тоғыз әскери қызметшінің  аты-жөні белгілі болды. Мәлімет интернетте жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат lada.kz сілтеме жасап.

Апатта экипаж командирі Роман Костыгов, экипаж командирінің көмекшісі, лейтенант А.Б.Айтбаев және борт технигі, майор Тимур Әділқанұлы Құдайбердиев қаза тапқан. 

Бортта болған майор Д.А.Қоңырбай, капитан С.М. Масалим, аға сержант М.Р. Шәріпов; кіші сержант А.Т. Абдулманов, аға лейтенант Г.К. Рахымбаев, евфрейторлар - Б. Байбақов, М.А. Жұматов, А.Т. Әбділдинов, К. Сарқытбаевтар да көз жұмды.

Еске сала кетсек, ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі бұған дейін Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырағанын хабарлаған болатын.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында құлаған тікұшақта болған экипаж мүшелерінің отбасына көңіл айтты.

Соңғы жаңалықтар