Тікұшақ апаты: Жалғызынан айырылған ата-анаға баспана берілгенімен, құжаттары әлі жоқ

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 2016 жылдың 27 қаңтарында тікұшақ апатынан қаза тапқан Гүлнұр Хамитованың ата-анасына баспана берілген. Алайда марқұм болған қыздың ата-анасы 3,5 жылдан бері үйдің құжаттарын ала-алмай отырғандарын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы уақытқа дейін Талдықорған қалалық ТҮКШ бөлімі, қалалық әкімдік, облыстық денсаулық сақтау басқармасына бірнеше рет бардым. Барлығы аты-жөнімді жазып қалады, «міне қатырамыз», дейді. Міне осындай құрғақ уәде естігеміне 3,5 жыл болды. Қызымның қазасынан кейін үйді берді, бірақ құжат жоқ. Шынымды айтсам, ертең далада қаламыз ба деп қорқамыз», - деді көзіне жас алған Гүлнұр Хамитованың анасы Индира Бекдуллина.

22 жасында қызмет барысында қаза тапқан Гүлнұр Хамитова отбасының жалғыз баласы болған.

Естеріңізге сала кетейік, Гүлнұр Хамитова санавиацияның фельдшері қызметін атқарған. Ол 2016 жылдың 27 қаңтарында тікұшақ апатынан қызмет барысында қаза тапты. Сол сәтте санавиация Үшаралдан Талдықорғанға ақ қан ауруына шалдыққан кішкентай сәбиді жеткізбек болып, Талдықорғанға 30 шақырым қалған сәтте апатқа ұшыраған болатын. Тікұшақта болған 5 адам да мерт болды. Олардың денесі 15 сағаттық іздеуден соң ғана таулы аймақтан табылған болатын.

Ал Талдықорған қалалық ТҮКШ бөлімі 3,5 жылдан бері Гүлнұр Хамитованың ата-анасына берілген үйдің құжаттарын бір аптада жасап береміз деп уәде берді.

«Талдықорған қаласының тұрғыны Гүлнұр Хамитоваға кезінде 2016 жылы 9 ықшам ауданнан бір бөлмелі пәтер берілген болатын. Ол кісінің құжаттарын бізге келіп өткізсін. Біз оны арнайы комиссияға кіргізіп, құжатын бір аптаның ішінде реттеп береміз», - деді Талдықорған қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Данияр Оразов.

Естеріңізге сала кетейік, дәл осы тікұшақ апатында қаза тапқан гемотолог-дәрігер Бақытгүл Қайсанованың қызына берілген үйдің бірде-бір құжаттары жоқ екенін бұған дейін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар