Тікұшақ апаты: Талдықорғанда қаралы митинг өтіп, екі сарбаз жерленді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанның орталық алаңында қаралы митинг өтіп, тікұшақ апатынан қаза тапқан ефрейтор Айдын Әбділдинов пен ефрейтор Мирас Жұматаевты соңғы сапарға шығарып салды.

Алматы облысынан қаза тапқан 8 әскери қызметшінің төртеуінің денесі әлі анықталмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоштасу рәсіміне Қорғаныс Министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаев, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов және әскери өызметкерлер мен олардың туған-туыстары қатысты. Талдықорғанның орталық алаңына жиналған марқұмдардың туған-туыс, дос-жарандарына ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев көңіл айтып, бекем болуға шақырды.null

«Олар ақтық демі қалғанша Отанға адал болудың үлгісін көрсетті. Батырларымызды мәңгі ұмытпау мақсатында мемориал орнату жоспарда бар. Олар мемлекеттік наградаға ұсынылатын болады. Одан бөлек, сарбаздардың отбасына министрлік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі» деп атап өтті министр.

Қаза тапқан Айдын Әбділдиновтың артында жары мен екі кішкентай қыздары қалды. Пәтер жалдап, күн кешіп жатқан отбасының жары жолдасын соңғы рет қаңтар айында көргенін айтады. null

«Жолдасымды соңғы рет қаңтар айында көрдім. Күнде сөйлесіп тұратынбыз, болған жайтқа әлі де сенер алар емеспін. Екі қызымыз бар. Үлкенім 12 де. Кішім 6 жаста. Күйеуімнің жасай алмай кеткен жасын қыздарыма берсін. Басқа отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Еліміз тыныш болсын. Мұндай жағдайлар қайталанбасын деп тілеймін», - деді марқұм болған ефрейтор Айдын Әбділдиновтың жары Самал Серікқызы.

Марқұм болған 28 жастағы Мирас Жұматаев шаңырақ көтеріп үлгермеген. Егіліп жылаған Мирастың анасы ұлының бұл өмірде енді жоқ екеніне сенер алар емес.null

«Бүгін майор Тимур Құдайбердиевті Еңбекшіқазақ ауданында және лейтенант Аслан Айтпаевты Кербұлақ ауданында жерлеп жатыр. Қалған 4 сарбаздың денесі әлі анықталмады. Ефрейтер Қуаныш Сарқытбаевтың ағасынан қан алып, сараптамаға жөнелтіп жатыр. Қалған үшеуі сержант Қайрат Нұрсапанов, аға сержант Мұрат Шәріпов және кіші сержант Асхат Абдулманаттың денелері әлі анықталуда», - деді Алматы облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы Жанар Әміржанова.

Соңғы жаңалықтар