Тікұшақ апаты: ҚР Бас прокуроры тергеуді өз бақылауына алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов Қызылорда облысында болған тікұшақ апатын тергеу барысын өз бақылауына алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қорғаныс министрлігінің әскери тікұшағының апатқа ұшырау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 464-бабымен (ұшу немесе оған дайындалу қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қайғылы оқиғаның өзектілігіне орай, қылмыстық іс Бас әскери прокуратурасы арнайы прокурорларының өндірісіне қабылданды», - делінген ҚР Бас прокуратурасының сайтында.

Мәлім болғандай, ҚР ІІМ-нің Әскери-тергеу басқармасының қызметкерлері қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды.Тергеу барысы Бас прокурордың бақылауына алынды.

Еске салайық, 27 наурыз күні кешке Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, аталған тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке бет алған 4 әскери тікұшақ құрамында болған. Барлық экипаж мүшесі - 13 адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар