Тікұшақ апаты: Данияр Қоңырбаев пен Өмірхан Қауқаевтың денесі туған жерге жеткізілді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Қызылорданың Жалағаш ауданында ұшақ апатынан көз жұмған майор Данияр Қоңырбаев пен ефрейтор Өмірхан Қауқаевтың денесі Ақтөбеге жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін қос әскери қызметкердің денесі Ақтөбеге жеткізіліп, қаралы митинг өтті. Шараға Қорғаныс министрлігінің өкілдері, өңір басшылары мен әскери горнизонның жеке құрамы қатысып, сап түзеді.

«Бұл хабар бәрімізге ауыр тиді. Сол 13 әскери қызметкердің екеуі ақтөбелік, бауырларымыз Данияр мен Өмірхан. Бейбіт өмірде мезгілсіз дүниеден озған бауырларымыздың отбасына, жақындарына көңіл айтамыз. Жазмыштан озмыш жоқ. Бәрімізге де бұл жағдай ауыр болса да көнбеске амал жоқ. Олар әскери борышын адал атқарды», - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Қаралы жиынға Қорғаныс минисирлігінің өкілдері де қатысты. ҚР Қарулы күштер өкілі Әділбек Алдабергенов марқұмдардың отбасына жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді.

null

«Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Қарулы күштердің жеке құрамы және өз атымнан қайғыға ортақтасып, көңіл айтамыз. Осы жағдай бойынша Елбасы және Мемлекет басшысы тікелей тапсырмалар беріп, бақылауға алды. Марқұмдардың отбасына материалдық, моральдық көмек көрсету шарасын қабылдап отырмыз. Еліміздің патриот ұлдарынан, Отан қорғаушылардан айырылу біз үшін ауыр соққы. Олар өздерінің әскери борышын соңына дейін атқарды, анттарына адал болды», - деді Әділбек Алдабергенов.

Ақтөбе горнизонының бастығы Азат Мазғұтов та митингке қатысып, көңіл айтты. Кейін бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Еске салсақ, 27 наурыз күні кешке Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырады.

null

Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, аталған тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке бет алған 4 әскери тікұшақ құрамында болған. Барлық экипаж мүшесі - 13 адам қаза тапты.

Қорғаныс министрлігі қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері мен фотосуреттерін жариялады.

Ақтөбе облысының әкімдігі қаза болған әр әскери қызметкерлердің отбасына 1 миллион теңге бөлді. Мұғалжар және Мәртөк ауданының әкімдіктері жерлеу рәсімін өткізеді.

null

Соңғы жаңалықтар