TikTok-та Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипфейкі пайда болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елдегі TikTok қолданушылары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипфейкін қызу талқылап жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Tengrinews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

@unreal_tokaev (нағыз Тоқаев емес деген мағынада) аккаунтымен тіркелген дипфейктің әзірге алты видеосы шықты.

Бірінде @unreal_tokaev билесе, бірінде TikTok қолданушыларына әлемдік шоколад брендтерін таңдағанша, «Қазақстан» шоколадын таңда деген мәндегі ишарат жолдайды.

Қолданушылардың бірі мұны кім жасаса да, креативті қадам болғанын айтса, енді бірі мұндай «еркін шығармашылық» үшін жауапкершілік арқалауға болатынын ескерткен.

Ал заңгер Надежда Гельдт Tengri Lifestyle-ке берген пікірінде Қазақстан заңнамасында дипфейк мәселесін реттеудің нақты тетіктері жоқ екенін айтады.

Дегенмен, қолданыстағы заңнама аясында ондай дипфейк құру кезінде ескеру керек тұстарды атаған.

«Дипфейк жасау үшін авторы бар фото немесе видеоматериалдар қолданылады. Егер материал авторының рұқсатын алмасаңыз, дипфейк жасаған әрекетіңіз заңға қайшы деп танылуы мүмкін», - дейді заңгер.


Видеодан алынған кадр/tiktok.com/@unreal_tokayev


Соңғы жаңалықтар