Tiji, Nickelodeon балалар арнасы қазақ тілінде көрсетіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Tiji, Nickelodeon арналарының балалар контенті қазақ тілінде жарық көреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде белгілі болды.

Министр Асқар Умаров өз сөзінде қоғамдық сананы жаңғырту саласында алты негізгі бағыт жатқанын атады.

«Былтырдан бастап бағдарлама өскелең ұрпақты, әсіресе оқушыларды және мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуге басымдық бердік. «Ұлттық тәрбие», Tiji және Nickelodeon арналарының балалар контентін қазақ тіліне аудару секілді ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Айтпақшы, Tiji және Nickelodeon қазақ тілінде жақында шығады, тұсаукесері өтеді», - деді ведомство басшысы.

Оның мәліметі бойынша, бұл бағыттағы басты басымдық – «Ұлттық рухани жаңғыру» және Жол картасы жобаларын сапалы іске асыру.

«Бұл стратегиялық құжаттар Қазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеуетті, мемлекеттік тілді дамытуға, ұлттың мәдени кодын сақтауға және ілгерілетуге, жастардың жан-жақты дамуы мен өзін-өзі танытуына бағытталған», - деді Асқар Умаров.


Соңғы жаңалықтар