+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

«The World's Best» байқауы: Димаш бірінші орында

2019 жылғы 8 наурыз 11:56
Бөлісіңіз:
«The World's Best» байқауы: Димаш бірінші орында

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әнші Димаш Құдайберген Америкадағы «The World's Best» байқауының финал алдындағы шоуында бірінші сатыға көтерілді. Бұл туралы әнші Инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"The worlds best" жобасының финал алдындағы нәтижесі. Біз бірінші орындамыз. Барлық жеңісімді қымбатты тыңдарманым мен қазақ халқыма арнаймын",- деп жазды Димаш Құдайберген.

Әнші парақшасында жария етілген дерекке сәйкес, ол 96 ұпай жинап, бірінші сатыға көтерілген. Ал Қазақстанның тағы бір өнер жұлдызы Данэлия Төлешова 83,5 ұпаймен 5-сатыда тұр.

Еске сала кетсек, осыдан біраз бұрын Димаштың «The World's Best» байқауының алғашқы турында өнер көрсеткен видеосы жарияланған болатын. Әнші бірінші раундта әнсүйер қауымның құлағының құрышын қандырған S.O.S d'un terrien en détresse композициясын орындады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT