The New York times Қытайдағы қазақтардың тас дәуіріндегі шаңғы жасау дәстүрін сақтағандығын жазды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қытайдың Алтай тауында тіршілік кешіп жатқан қазақтардың арасында неше мыңдаған жылдық тарихы бар шаңғы тебу дәстүрі қазірге дейін жалғасын тауып отыр, деп хабарлайды The New York times.

Мұнда тау шаңғы өнерінің қазірге дейін сақталып келе жатқаны, сондай-ақ Алтай өңірінде мекен ететін этникалық қазақтардың шаңғыны қалай жасайтындығы және күні бүгінге дейін пайдаланатыны жөнінде жан-жақты айтылған.

«Қазіргі кезде қазақтар мекендейтін Алтай тауынан бұдан 10 мың жыл бұрынғы шаңғы дәстүрінің тарихи мұралары және тасқа салынған суреттер табылды. Алтай тауы деп аталатын бұл өңір шығысы Моңғолияға, батысы Қазақстанға дейін ұласып жатыр. Халықаралық тәжірибелі мамандар мен археологтардың айтуынша, шаңғы мәдениеті Скандинавия тауларынан емес, осы өңірден бастау алған.
nullnull 

Мамандар сол өңірдегі шаңғы жасаумен шұғылданатын қазақ Мейірбек Қалаубектің үйіне арнайы барып, шаңғы жасау техникасымен танысты. Мейірбектің айтуынша,  ол бірінші самырсын  бұтақтарын дайындап алады, содан соң оларды сүргілеп, өңдеп, сәндеуге кіріседі. Ағаш бұтақтарынан екі мықты әрі тегіс тақтай дайындап алады. Содан соң иленген жылқы терісін пайдалана отырып, ыстық суға салынған ағаш тақтайды майыстырады. Ең соңында жылқы терісін тақтайдың табанына байлап қояды. Мұның артықшылығы, жылқы терісімен қапталған шаңғы табаны тауға шыққанда   кері сырғанап кетудің алдын алады. Бұдан басқа  екі ұзын сырық алады, ол таудан төмен сырғанағанда күшін үнемдуге әрі тиісті бағытқа бұрып отыруына көмектеседі»,- деп жазады The New York times сайты. 

 

Автор: Бейсен Сұлтанұлы

nullnullnullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар