+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

The New York Times: Иммундық жүйеміз неге әлсіз

2019 жылғы 17 наурыз 19:10
Бөлісіңіз:
The New York Times: Иммундық жүйеміз неге әлсіз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар иммундық жүйенің мықты болуы неге байланысты екеніне қатысты ортақ пікірге келе алмай жүр. The New York Times басылымының жазуынша, британ ғалымдары гигиена мен денсаулықтың тығыз байланысы барын жазады.

«Көп тұжырымдар адамның денесі өзіне не керектігін білетінін айтады да, тіпті, бала балшық жесе де, оны қалыпты көреді. Бірақ күнделікті өмірде көпшілігі бактерияға қарсы сабын мен дезинфекция жасайтын заттарды пайдаланбайды. Түптеп келгенде олардың барлығы антибиотик көмегіне жүгінуге мәжбүр болады», - деп жазады басылым.

Автор көптеген дәрігерлер өз тәжірибесінде балалардың табиғатпен етене жақын болуын, сондықтан жерге түскен тамақты көтеріп жеуін қолдайтынын да тілге тиек еткен.

«Мамандар заман дамығанымен, иммундық жүйеміздің эволюцияға ұшырамай қалғанын айтуда. Ал ол табиғатпен етене жақын болуы керек», - депті автор.

Оның айтуынша, бүгінгі күні адамның қорғаныш жүйесінің атқаратын еш жұмысы қалмаған.

«Ата-бабаларымыз тірі қалу үшін қоршаған ортаға бейімделді. Адамзатта экстремалды проблемалар болды, тамақ жетіспеді. Су таза болмады. Бактерияға қарсы құралдар да болмады. Бұл тірі қалу үшін керек қауіпті орта еді. Ол кезде иммундық жүйе адамның қорғаны болды. Кейінірек адамдар өз қорғанысын арттыратын түрлі жолдарды ойлап тапты да, әртүрлі дәстүр қалыптастырды. Нәтижесінде адамдар қолын жуып, таза жүруге талпынды. Идеялар өсті, ал иммундық жүйе дамымады. Қорғаныш жүйесі қоршаған ортаға қарай жұмыс істейді. Адам қауіпті жағдайға тап болғанда ғана оның қорғанысы мықты бола бастайды. Осылайша адам қоршаған ортаға бейімделеді», - дей келе автор, қазіргі таңда иммундық жүйеміздің жауы аз екенін жазады.

The New York Times-тың жазуынша, көп дәрі мен антибиотикті көп қолданы иммунды қжүйе үшін қауіпті де болуы мүмін. Себебі олар ағзадағы қажетті микробтарды өлтіруі ықтимал.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Медицина, Әлем,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT