The Music Man: Димаш Құдайберген – әлемдегі ең үздік дауыс иесі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлыбританияның ең танымал музыкалық басылымдарының бірі The Music Man интернет порталында әнші Димаш Құдайберген туралы мақала жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Димаш Құдайберген: әлемдегі ең үздік дауыс» атты материалда әртістің өмірі мен оның алғашқы байқаулардан бастап стадиондардағы үлкен концерттерге дейінгі шығармашылық жолы егжей-тегжейлі баяндалады.

The Music Man («Музыкант») басылымы – бүкіл әлемдегі талантты музыканттар туралы жазады және Ұлыбританиядағы ең танымал әрі беделді музыкалық басылымдардың бірі.

Айта кетсек, Facebook-тің ресми аккаунтындағы оқырмандарының саны 2,9 миллион адамға жетеді.


Соңғы жаңалықтар