+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

The Economist Өзбекстанды Жыл елі деп атады

2019 жылғы 19 желтоқсан 16:08
Бөлісіңіз:
The Economist Өзбекстанды Жыл елі деп атады

ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Британияның The Economist журналы Өзбекстанды Жыл елі деп атады. Басылым Өзбекстанның әлі ұзаққа баратынын, сондай-ақ 2019 жылы бір де бір ел дәл осылай нақты қадам жасамағанын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әрбір желтоқсан айында журнал жыл бойы ілгерілеген мемлекетке «Жыл елі» атағын береді. Өткен жылдың жеңімпазы Армения болған еді.

Мақалада небәрі үш жыл бұрын Өбекстанның жабық қоғамды, посткеңестік ескі ел болғаны айтылады.

Шавкат Мирзиёевтің келуімен іс алға басты. 2018 жылы қауіпсіздік қызметінің басшысы отставкаға жіберілді. Мирзиёев реформаларды бастады, соның арқасында негізінен алғанда мәжбүрлі жұмыстар тоқтатылды. Шетелдік журналистердің елге кіруіне рұқсат етілді, ал шенеуніктерге шағын бизнеске «тиісуге» тыйым салынды.

Басылым Өзбекстанның жаңа жылға дейін парламент сайлауын өткізуі тиістігін еске салады.

Сондай-ақ, The Economist Солтүстік Македония мен Суданның жетістіктерін де атап өткен. Аталған елдердің алғашқысы ақпан айында өзінің атауын өзгертті, осылайша өзінің жақын көршісі Грекиямен қарым-қатынасын жақсартты. Сонымен қатар, Солтүстік Македония НАТО-ға кіру процесіне дайындық үстінде. Судан өз кезегінде Омар әл-Башир режимінен құтылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Өзбекстан,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT