Тестілеу орталығының маманы мектеп мұғалімдерін пара беруге арандатқан

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мектеп мұғалімдерін пара беруге арандатқан Ұлттық тестілеу орталығы Қызылорда облыстық филиалы маманының әрекеті әшкере болды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызылорда облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ұлттық тестілеу орталығы өңірлік филиалының маманын әшкереледі. Ол Қызылорда қаласындағы орта мектеп педагогтарын ұлттық біліктілік тестілеуден сәтті өту мақсатында облыстық білім басқармасының лауазымды тұлғалары үшін 1 миллион 400 мың теңге пара беруге арандатты деген күдікке ілініп отыр», - деді Қайсар Баржақсынов.

Агенттік тергеушісінің айтуынша, филиал маманы кінәсін мойындап, тергеуге келуге жазбаша міндеттеме алған.

Сондықтан күдікті қамауға алынбаған.


Соңғы жаңалықтар