Тест жауаптарын сатып алмақ болған медуниверситет студенттері оқудан қуылды
Студенттер тест сауалдарының дұрыс жауаптарын сатып алмақ болған.
«Академиялық адалдық қағидаттары студенттердің ар-ұят кодексінде толық көрсетілген. Бұл - оқыту бағдарламалары, білім деңгейін бағалау жүйесі, емтихандарға қойылатын талаптар және мінез-құлық ережесі. Академиялық адалдық қосымшасында ереже бұзғандарға тағайындалатын жаза мен тәртіптік шаралар көрсетілген», - деді баспасөз қызметінен.
Бұл құқықбұзушылықтар биылғы оқу жылының күзгі семестрінде, қысқы емтихан сессиясы кезінде анықталған.
«Стоматология және жалпы медицина факультетінің 9 студенті ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жасуша биологиясы, биофизика сабақтарынан тест жауаптарын сатып алу үшін ақша жинауға белсенді қатысқан», - деді ЖОО баспасөз қызметінен.
Айта кету керек, ҚазҰМУ қауіпсіздік бөлімі аталмыш деректер бойынша егжей-тегжейлі тексеру жұмыстарын жүргізген.