Террорризмге қарсы орталықтың кеңейтілген құрамдағы тұңғыш отырысы өтті - ҰҚК

None
None
АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Нұртай Әбіқаевтың жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кеңейтілген құрамдағы бірінші отырысы өтті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарланды.

Кеңеске қатысушылар ведомствоаралық өзара әрекеттестікті және терроризм мен діни экстремизмге қарсы жалпы мемлекеттік жүйені нығайтуға бағытталған шаралар қабылдады. ҚР Терроризмге қарсы орталық отырысына министрлік пен ведомство басшылары, сондай-ақ «он-лайн» режімінде облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімдері қатысты.

Еске салайық, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығы және еліміздің өңірлерінде терроризмге қарсы комиссиялар туралы типтік ереже бекітілген болатын.

Соңғы жаңалықтар