+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Терроризммен күрес ұжымдық сипатқа ие болуы керек- Ауғанстан өкілі

2019 жылғы 9 қазан 11:01
Бөлісіңіз:
Терроризммен күрес ұжымдық сипатқа ие болуы керек- Ауғанстан өкілі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Терроризммен күрес ұжымдық сипатқа ие болуы керек. Бұл туралы Ауғанстан Ислам Республикасының қауіпсіздік және шекаралық істер мәселелері бойынша ынтымақтастық департаментінің директоры Мохаммад Файзи айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жылдар бойы Ауғанстан терроризмнің құрбаны болып келеді. Біздің ел - бұл жағдаймен күресуде бәрінен көп зардап шеккен мемлекет. Біз терроризммен күрес ұжымдық сипатқа ие болу керек деп есептейміз. Талибан – Ауғанстан аумағында жүрген шетелдік қарулы топтардың серіктесі. Қарулы топтар әртүрлі ұлттардан тұрады. Сол себепті, олар Ауғанстаннан бөлек, бүкіл әлемге қауіп төндіріп тұр. Өкінішке қарай, Талибан Ауғанстаннан тыс та өзімен серіктес күштерге қару, адам мен базаларды шығарып беруге қауқарлы. Олар есірткіден пайда табады. Табыстың тұрақты түрде түсіп тұруы оларға криминалдық синдикаттармен байланыс ұстап отыруға жол ашады. Есірткі– талибтер үшін табыс көзі болып отыр», - деді Мохаммад Файзи Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Ауғанстан бойынша дөңгелек үстелінде.

Ауғанстан өкілінің айтуына қарағанда, ауған билігі есірткімен күресті барынша қатаң жүргізуге тырысады. Есірткі өсірілетін алаңдарға арнайы әскери ұшақтарды ұшырады.

«Есірткі саудасының жолын кесуді барынша күшейтіп келеміз. Десе де, Ауғанстаннан тыс та героин өндіретін лабороториялар бар. Халықаралық деңгейде есірткіге деген сұраныс жоғары. Сұраныс ақыры талибандықтарға да, криминалдық синдикаттарға істерін жалғастыра беруге мүмкіндік беріп отыр. Сол себепті, есірткі трафигі мәселесімен бірлеес күресуіміз керек», - деді ол.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Ауғанстан бойынша дөңгелек үстелінде Мұхтар Тілеуберді Ауғанстанның экономикасын көрші елдермен, сонымен бірге Орталық Азия мемлекеттерімен интеграциялаудың маңызы зор екенін атап өткен болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT