Терроризммен күрес: Қазақстан қауіпті елдер рейтингінде 93-орында

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан лаңкестік деңгейі жағынан ең қауіпті елдер рейтингінде 135 елдің арасында 93-ші орын алды. Елдің индексі 0,901-ді құраған – бұл көрсеткім өте төмен қауіп деңгейіне жатқызылады. Бұл туралы ҚазАқпарат energyprom.kz айтына сілтеме жасап хабарлайды.

Индекс мәні неғұрлым жоғары болса, елде жанжалдар мен лаңкестік актілер соғұрлым жиі болады. Егер индекс нөлге тең болса, бұл елде лаңкестік қаупі мүлдем жоқ екенін білдіреді.

Рейтинг мәліметтеріне сәйкес, антикөшбасшылар елдердің «ондығында» әлемде лаңкестіктен болатын өлімнің 80 пайызы болып отыр.

Лаңкестік қаупі жоғары елдер рейтингін Ауғанстан, Ирак және Нигерия ашып отыр.

2020 жылдың қаңтар-қазан айларында елімізде экстремизм және лаңкестікпен байланысты 189 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 14,9 пайыз аз.

Салыстырмалы түрде: 2019 жылдың қаңтар-қазан айларында 222 оқиға тіркелген, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 24,2 пайыз аз.

Аймақтық деңгейде экстремизм және лаңкестікке байланысты ең көп құқықбұзушылықтар Түркістан облысы мен Алматы қаласында тіркелген (әрбір аймақта 29 оқиғадан).

Антикөшбасшылар тізіміне сондай-ақ Шымкент (19 құқықбұзушылық) және Нұр-Сұлтан қаласы (15 оқиға) кірді.

Құқықбұзушылықтар ең аз тіркелген аймақтарға Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстары кірді.


Соңғы жаңалықтар