Терроризмді насихаттады деген күдікпен 4 адам ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркістан облысында терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен 4 адам ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2019 жылғы 14 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарының қатысуымен жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Түркістан облысының төрт тұрғыны ұсталды. Олар терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деп күдіктелуде», - делінген баспасөз баянында.

Олардың тұрғылықты жерлерінен деструктивті бағыттағы қолжазбалар мен электрондық нұсқадағы діни әдебиеттер тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар