Терроризм актісі туралы хабарлағандарға қанша сыйақы төленеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының терроризм актісінің алдын алуға немесе оның жолын кесуге көмектесетін ақпарат ұсынған адамдарға сыйақы беру туралы бұйрығы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Ұлттық қауіпсіздік немесе ішкі істер органдарына терроризм актісінің алдын алуға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамдарға ҰҚК немесе оның аумақтық органдары сыйақы төлейді», - деп жазылған Ашық НҚА порталында жарияланған құжатта.

Біржолғы сыйақы мына мөлшерде белгіленеді және төленеді:

- ҚР Қылмыстық кодексінің 255-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша -750 АЕК (2 587 500 теңге);

- ҚР Қылмыстық кодексінің 255-бабының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша – 1 000 АЕК (3 450 000 теңге).

Құжатта көрсетілгендей, сыйақы ақпаратты хабарлаған адамның мәліметі дәлелді және ол кінәлі адамға нақты қатысты болса ғана төленеді.

Бұйрық жобасы 4 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.


Соңғы жаңалықтар