Террористік тұрғыдан осал нысан иелеріне айыппұл салынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы аумағында орналасқан 99 нысан иесіне 33 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көпшілік көп шоғырланатын бұл ғимараттардың барлығы террористік шабуылдардан аз қорғалған деп бағаланды.

«Биылдан бастап арнайы құрылған жұмыс тобы белгіленген нысандардың 90%-ын тексеріп шықты. Нәтижесінде 600 нысанның басшысына антитеррористік тұрғыдан аз қорғалуына байланысты ескерту берілді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 149 және 462-баптары бойынша 101 нысанның қожайынына қатысты әкімшілік материал жиналып, мамандандырылған сотқа жіберілді. Сот шешімімен, 99 меншік иесіне 33 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің экстремизмге қарсы басқарма басшысы Еркін Інкәров.

Бұған қосымша полиция қызметкерлері адам көп шоғырланатын нысан басшылары мен келушілерінің арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Соңғы жаңалықтар