+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

Террористік тұрғыдан осал дәмхана иелері жауапқа тартылуда

2019 жылғы 11 қазан 14:54
Бөлісіңіз:
Террористік тұрғыдан осал дәмхана иелері жауапқа тартылуда

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан терроризмге қарсы заңнама талаптарын бұзғаны үшін төрт дәмхана иесі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҰҚК терроризм туралы оқу-жаттығу видеосын көрсетті Алматыда теракт жасамақ болған азаматтың жолы кесілді Студенттерге экстремизм мен терроризмнің қаупі түсіндірілді

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 100-ден астам орынға арналған қоғамдық тамақтану нысандары терроризмнен қорғалу тұрғысынан осал объектілерге жатады. Облыста олардың саны – 48. Талапқа сәйкестігін полицейлер үнемі тексеріп отырады. Заңнама талаптарын бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Петропавл қаласындағы дәмхана иелерінің біріне видеокамераларының жарамсыздығы бойынша және ондағы жазбалардың сақтау мерзімі 30 тәуліктен кем болуына байланысты 140 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Әкімшілік жазаға тартуға осы мекеме қызметкерлерімен террористік қауіптің кез келген көрінісі кезінде өзін-өзі ұстау қағидалары туралы курстардың өткізілмеуі де себеп болды.

Барлығы облыс аумағында 600-ге жуық террористік қатынаста осал нысан орналасқан. Оның ішінде адамдар көп жиналатын, аса маңызды мемлекеттік, сондай-ақ стратегиялық және қауіпті өндірістік нысандар бар. Жыл басынан жұмыс тобымен 410 объекті тексерілді. Нәтижесінде терроризмге қарсы қорғану талаптарын бұзуды жою туралы 147 ұйғарым шығарылды. 22 басшыға қатысты ҚР ӘҚтК 149 және 470-баптары бойынша әкімшілік материал жинақталды. Жиналған материалдардың нәтижесінде 20 басшы жауапкершілікке тартылды.

«Басты кемшілік – инженерлік-техникалық құралдармен ғимараттардың жеткіліксіз нығайтылып, сонымен қатар қызметкерлер арасында терроризмге қарсы оқу-жаттығулардың өткізілмеуі. Терроризм актісіне байланысты дағдарыс жағдайында қолданыстағы заңнаманы түсіндіру және объекті басшылары мен қызметкерлерін оқыту мақсатында полицейлер түсіндіру жұмыстарын жүргізді», - деді СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Спартак Қабденов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT