Террористік топ әйелдер мен қарттарды соққыға жығып, зорлық әрекеттерге барды – Дәурен Абаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Алматыдағы тәртіпсіздіктер неге дер кезінде ауыздықталмағанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күш жеткіліксіз болды. Шиеленістің бір уақытта бірнеше аймақта сақталуы қосымша күштерді Алматыға тастауға мүмкіндік бермеді.

Басқыншылық әрекеттермен бірге жаппай қирату, тонау, бейбіт тұрғындарды, күзетшілерді, әйелдер мен қарттарды ұрып-соғу, зорлау қимылдарына ұласты», - деді Дәурен Абаев «Хабар 24» телеарнасының эфирінде.

Сондай-ақ, ол Алматыдағы қақтығыстар кезінде террористер жағынан арнайы мергендер әрекет еткенін мәлім етті. Олар бейнебақылау камераларын жойып, құқық қорғау қызметкерлерін нысанаға алған.


Соңғы жаңалықтар