Террористік қауіп Германиядағы рок-фестивальді таратуға себепші болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Немістердің Нюрбург қаласында болған Rock and Ring рок-фестивалінің қатысушылары террористік қауіпке баланысты көшірілді. Ұйымдастырушылар жиынға келген азаматтарды шара өтіп жатқан аймақты ешқандай айғай-шусыз босатуды талап етті, деп хабарлайды Би-би-си.

«Террористік қауіпке байланысты полициця бізден фестивальді тоқтатуды талап етті»,-делінген Rock and Ring фестивалінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында.

Өңірлік полиция басқармасының мәлімдемесінде концертті тоқтатуға нақты мәселенің себеп болғандығы айтылады. Өзге нақты мәліметтер келтірілмеген. Жұмадан жексенбі аралығында өтуі тиіс фестивальдің өту-өтпеуін полиция сенбі күні хабарлайды.

Фестивальға 85 мың адам қатысады деп күтілген болатын. Биылғы жылы Rock and Ring өзінің 80 жылдығын атап өтуде. Соңғы уақытта музыкалық шара бірнеше рет террористік шабуылдардың нысанына айналған еді.

2007 жылдың 22 мамырында британиялық Манчестерде болған Арианы Гранденің концертінде 22 адам құрбан болды. 2015 жылдың 13 қарашасы күні Парижде қылмыскерлердің басты нысаны - Eagles of Death Metal тобының концерті болды. Ол кезде 89 көрермен көз жұмған еді.

Соңғы жаңалықтар