Террористер басып алды: Өскемен тұрғыны полицияға жалған хабар берген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында полицияға жалған хабар берген ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына жергілікті тұрғын қоңырау шалған. Өз сөзінде ол шаһардағы ғимараттардың бірін террористер басып алғанын жеткізді.

Оқиға орнына тәртіп сақшылары жедел келіп жеткен. Алайда бұл хабар шындыққа жанаспайтын болып шықты. Полиция қызметкерлері қоңырау шалған адамды бірден анықтаған. Ол Өскеменнің 35 жастағы тұрғыны болып шықты.

- Ер адам мас болғандықтан және өзіне назар аудару үшін қоңырау шалғанын айтты. Оған қатысты арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы бойынша іс қозғалып, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды, - деді басқарма бастығы Андрей Мула.


Соңғы жаңалықтар