Террористер Алматы полиция департаментін қалай басып алмақ болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық полиция қызметкері департаментке жасалған шабуыл туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының аға инспекторы Ақтан Зайнолда әріптестерімен бірге департамент ғимараттарының қорғанысын қалай сақтап қалғаны туралы айтты.


« Қаңтардың 5-і күні кешке арнайы жоспар жарияланғаннан кейін біз Алматы полиция департаментінің әкімшілік ғимаратын күзетуге арналған посттарымызға тұра бастадық. Біздің міндетіміз – лаңкестердің департамент ғимаратына басып кіруіне және олардың қару-жарақты иеленуіне жол бермеу болды, өйткені азаматтардың және жалпы елдің қауіпсіздігіне үлкен қауіп төніп тұрды», – деді Ақтан Зайнолда.

Полиция қызметкерінің айтуынша, шабуыл жасағандар – әуесқойлар емес. әңгіме жақсы дайындалған шабуылдаушылар жайында.

«Лаңкестер жақсы дайындалған. Ғимарат 4-5 жақтан шабуылға ұшырады. Оған қоса, департаменттің жанынан көлікпен жүріп, біздің назарымызды басқа жаққа аударды. Содан кейін қылмыскерлер сол көліктерден оқ жаудырды. Менің орным түні бойы қарулы шабуылға тойтарыс берген үшінші постта болды. Әр полиция қызметкерін жауынгерлік позицияларға бөлдік», — дейді ол.

Спикердің сөзінше, абырой болғанда полицейлер аман. Ешкім қаза тапқан жоқ.

Капитан бұл уақытта жеке қауіпсіздігі туралы ойламағанын атап өтті.

«Азаматтардың қауіпсіздігі таразыда болды. Біз бір-бірімізді қолдадық. Қарулы лаңкестерге абыроймен тойтарыс беру және олардың қаруды иеленуіне жол бермеу маңызды болды. Біз бейбіт тұрғындар мен қаланы қорғауды бірінші орынға қойдық», – деді құқық қорғау органының қызметкері.


Соңғы жаңалықтар