Терракота әскерін тамашалаушылардың саны артты - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Түркияда Түрік әлемі ұлттық спорт түрлерінің фестивалі басталады - TRT
null

Фестиваль ортақ түрік мәдениетін болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатымен ұйымдастырылуда. Түркияның Бурса қаласында өтетін Түрік әлемі ұлттық спорт түрлерінің фестиваліне 20-22 шілде күндері аралығында барлығы 309 спортшы мен 150 өнер қайраткерлері қатысады, деп хабарлайды Түркия Радио Телевизия порталы.

Үшінші рет өткізіліп отырған Түрік әлемі ұлттық спорт түрлерінің фестиваліне Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Түрікменстаннан спортшылар келмек. Фестиваль түрік халықтарының көңіл бірлігі және бауырластығын нығайту, ортақ түрік мәдениетін болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатымен ұйымдастырылуда.

«20 шілде күнгі ашылу салтанатында Мехтер тобының концерті, қылыш-қалқан қойылымдары, садақ ату, көкпар тарту ойындары өткізіледі және фольклор көрсетілімі болады. 21 шілде сенбі күні дәстүрлі садақ ату жарыстары, шабандоз қойылымдары, ұлттық балалар ойындары мен күрес жарыстары өткізіледі. Шара 22 шілде жексенбі күні де жалғасады»,- деп жазды түркиялық БАҚ.

Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына жаңадан 7 жарыс түрі қосылды - «Орталық халық радиосы» (CNR)
null
Халықаралық Олимпиада комитеті 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарының тізіміне тағы 7 жарыс түрінің жаңадан қосылғандығын, осы кезекті спорт бәсекесіне жалпы 109 алтын медальдың додаға түсетіндігін жариялады. Бұл туралы апта соңында kazakcnr.com хабарлады. 

«Жаңадан қосылған 7 жарыс түрі мыналар: әйелдер арасындағы бобслейден жарыс, аралас командалық қысқа аралыққа күш жалғап сырғанау, аралас командалық түрдегі шаңғымен трамплиннен секіру, ерлер мен әйелдердің еркін формада шаңғымен трамплиннен секіруі, еркін формада шаңғымен кеңістікте өнер көрсетуі мен топтық түрдегі жалғыз тақталы шаңғының кедергіден өтуі қатарлылар», - деп жазады «Орталық халық радиосы».

Цинь Шихуандидың терракота әскерін тамашалаушылардың саны күрт молайды - «Жэньминь жибао» (People Daily)

null

Биыл жаздық демалыс басталысымен, Шаншиде Қытай тарихындағы әйгілі патшаларының бірі саналатын Цинь Шихуандидің дәуірінде жасалған терракота әскері мұражайын тамашалаушылардың саны күрт көбейген. Әр күнгі көрермен саны орта есеппен 35 мың адамға жетіп, жылдағы осы мезгілмен салыстырғанда 28,3 пайыз артып, туристердің легі молайғанын жазады People Daily.
null

«Терракот әскері» - Шиань қаласындағы Цинь Шихуанди императорының кесенесі жанындағы толық өлшемі сақталған 8099 қытай жауынгерінің және олардың аттарының мүсіндері қабірінің жалпылама атауы. Айта кету керек, Цинь Шихуанди (Qín Shǐ Huáng-dì), Ин Чжэн (б.з.б. 258 - 210) - Цинь патшалығының билеушісі. Қытайдың ең танымал императоры. 22 жасында билікке келген ол бытыраңқылықта өмір сүрген Қытай жерін бір орталыққа бағындыру жолында күрес жүргізді. Б.з.б. 221 ж. Қытайдағы 6 патшалықты өзіне бағындырған ұлы билеуші Цинь Шихуанди - «Циньнің бірінші императоры» деген атпен бір орталыққа бағынған біртұтас Қытай мемлекетін құрушы. Бұл сол замандағы аса үлкен мемлекет еді. Цинь Шихуанди қатаң тәртіпке, шексіз билікке негізделген әміршілдік жүйе енгізген Қытай патшасы.

Қазақстан көліктеріне сұраныс артты - TRT
null

«Қазақстанда жасалған» маркалы көліктерге Ресей, Қытай, Тәжікстанда сұраныс артты. Бұл Қазақстандағы отандық машина жасау зауыттарының жұмыс ауқымын кеңейтіп, экспорттық әлеуетінің артуына ықпал етті. Бұндай ақпаратты осы аптада Түркия Радио Телевизия порталы жариялаған.

Соңғы 6 айда Қазақстанның машина жасау өндірісінде екі пайызға даму байқалғанын жазады аталған түркиялық ақпарат көзі. «Қазақстандық Автобизнес Қауымдастығы 2018 жылдың алғашқы алты айында көліктің барлық түрі бойынша жалпы саны 14 мың 660 көлік құралы құрастырылғанын мәлімдеді. Елдің ең маңызды 6 машина құрастыру зауытында 13 мың 725 жеңіл автокөлік, 486 камаз, 153 автобус және басқа да көлік құралының шығарылғаны хабарланды. Қазақстанның көлік құрастыру зауыттарының көшін Қостанайдағы «Сарыарқа Авто Пром» бастап тұр. Бұл жерде жарты жыл ішінде 5 мың 297 көлік жасалып, ел және шетел нарығына сатылған»,- деп түйіндейді түркиялық БАҚ.

Премьер-министр сел апаты зардабымен күресуге тапсырма берді - KAZNEWS

null

19 шілдеде Моңғолия Премьер-министрі У.Хүрэлсүх елдің бірнеше өлкелерінде болған сел апатына байланысты Мемлекеттік Төтенше жағдайлар комиссиясы отырысын өткізіп, аймақта болып жатқан оқиғадан ақпарат алды. Бұл туралы Моңғолиялық kaznews.mn ақпараттық порталы хабарлады.

Аталған ақпарат көзінің дерегіне сүйенсек, 11-18 шілде аралығында елдің көптеген өлкелерінде нөсер жаңбыр жауып, аймақтарға және Ұланбатыр қала орталығында сел жүріп, азаматтар мерт болып, автожол, электр жүйелері бұзылып, мекемелер мен шаруашылық бірліктер зардап шеккен.

Бұл жиналыста өңірлерде болған төтенше оқиғаға байланысты Моңғол елінің Төтенше жағдайлар бас басқармасы басшысының бірінші орынбасары, бригадалық генерал Г.Ариунбуян ақпарат берді.

«Баян-Өлгей аймағы Өлгей сұмын орталығының барлық 8 ықшам ауданының 530 отбасы, 2500-ден астам азаматы сел апатынан зардап шегіп, 3 адам жарақаттанып, тұрғын үйлер мен мекемелер ғимараты қирады. Қазіргі таңда, азаматтарды қауіпсіз ортаға көшіру, уақытша баспанамен қамтамасыз ету, қажетті көмектер көрсетілуде», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, Ұланбатыр қаласының Баянзүрх ауданында 17 шілдеде сел жүріп 2 азамат мерт болып, шаруашылық бірліктер ғимараты мен азаматтардың үйлері су астында қалғаны да айтылды.

kaznews.mn ақпараттық порталында жазылған деректерге сүйенсек, Төв аймағы Зуунмод сұмынында 16-17 шілдеде үздіксіз жауған жаңбыр селге ұласып, лас су құбырлары мен бөгеттер жарылып, 28 отбасының баспанасын су басқан.
null

Төв аймағы Борнуур сұмынында 16 шілдеде сел жүріп 70 отбасының ауласы, үйі, 10 шаруашылық бірлік ғимараты мен жертөлелерін су басып, аталған аумақтағы «Шавартай» көпірі құлап, сұмын орталығындағы 0.6 шақырым автожол бұзылған.

Сүхбаатар аймағында 7 тұрғынүй, 2 автокөлік, Мөнххаан сұмынынан 44 км, аймақ орталығынан 150-200 км қашықтықтағы автожол бұзылған. Моңғолияның Төтенше жағдайлар басқармасы Баян-Өлгий аймағында болған табиғи апаттан келген шығындарды есептеген.

«Қазіргі жағдаймен үздіксіз жауған нөсер жаңбырдың кесірінен болған шығын көлемі 10 миллиард төгрөг ($4065040) -ті құрап отыр. Бұл 2016 жылғы табиғи апаттан 5 есеге көп» деп жазады kaznews.mn.

Баян-Өлгей аймағында нөсер жаңбыр салдарынан су басқан үйдің саны 530-ға жеткені де айтылды.

ТЖБ басылымға жариялаған дерегіне қарасақ, Баян-Өлгей аймағының Өлгей қаласында су тасқынына қарсы 30 шақырымдық бөгет салынады. Бұл туралы Моңғолияның Төтенше жағдайлар бас басқармасының өкілдері мәлімдеген екен.

«Баян-Өлгей аймағында 14-16 шілдеде жауған нөсер жаңбырдың салдарынан 530 үй 2500 ге жуық адам зардап шегіп, 1566 ге жуық адам қауіпсіз орындарға жеткізіліп отыр. Қазіргі жағдаймен 5 шақырымдық бөгет салынып, 300 метр арық тартылып отыр. 30 шақырымдық бөгет салуға үстіміздегі жылы 670 миллион төгрөг бюджетке отырған болса, келер жылы 5 миллиард төгрөг жұмсалмақ», - дейді моңғолиялық БАҚ.

Болған жағдай туралы ақпараттарды тыңдағаннан кейін Моңғолия Премьер-министрі У.Хүрэлсүх бірнеше міндеттер мен бағыттар берді. Табиғи апат кезінде адам мерт болу, материалдық шығындарға ұшыраудан алдын алып жұмыс істеуді Төтенше жағдайлар комиссиясы мүшелері мен басқарушыларына тапсырды.

null

Премьер-министр сел апаты болған Баян-Өлгий аймағына көмек ретінде мемлекеттік қордан 80 киіз үй, ауыз су мен арам су тасымалдайтын және медициналық автокөліктер, бульдозер жіберетін айтқан. Сондай-ақ, аталған аймаққа су тасқыны бөгетін салу жұмысына қазіргі таңда тендер жарияланған сатыда жүргенін хабарлады.

Бес ел басшылары Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтамақ - «Фарс» ақпарат агенттігі

null

Каспий жағалауындағы бес ел басшыларының саммиті тамыздың 12 күні Ақтау қаласында өтеді, деп хабарлайды parstoday ақпарат агенттігі. 

Аталған ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, бес мемлекет дипломатиялық каналдар арқылы саммитке қатысуға дайын екендіктерін растады.
«Каспий жағалауындағы елдер басшыларының Ақтауда өтетін бесінші саммитінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы құжатқа қол қойылады. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау - аталмыш теңіз жағалауындағы мемлекеттердің негізгі мәселесі. Каспий жағалауындағы мемлекеттер бұл тақырыпқа қатысты осы уақытқа дейін 4 саммит пен 51 жұмыс тобының отырысын өткізді» деп жазады ирандық БАҚ.

Тәуекелшілдер Хуашан тауында - «Орталық халық радиосы» (CNR)

Қытайдың Шанши өлкесі Хуаяң қаласы, Хуашан тауының оңтүстік шыңында орналасқан «Хуашандағы 1-қатер» атты жалама құздағы көпір көпшілікті өзіне баурауда деп жазады қытайлық танымал ақпараттық портал kazakcnr.com. 

Аталған ақпарат көзінің дерегіне сүйенсек, бұл биік тау шыңының қапталын қаза орнатылған көпір екен. Құлама құзды жалғастырған шарбақ көпірлерді жүріп өту - тәуекелшіл туристерді өзіне айырықша баураған көрінеді.
nullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар