Термездегі футболдың аяғы төбелеске ұласты

Фото: None
АСТАНА.ҚазАқпарат - «Сурхан» (Термез) және «Андижан» (Андижан) клубтарының бірінші лига өкілдері арасындағы Өзбекстан футбол чемпионаты төбелеспен аяқталды, деп хабарлайды Podrobno.uz .

championat.asia футбол басылымы 4 маусым күні болған матчтағы жанжалдың видеосын жүктеді. 

Видеода алаң орталығындағы екі футболшының қақтығысынан кейін ойыншылардың бір-бірін жаппай соққыға жығуы анық көрсетілген. Бірнеше минуттардан кейін «спортшылар» жұдырықтары сермеп, құлағандарын тепкілей бастаған. Сары түсті киімдегілер «Сурхан» ойыншылары, ал ақ киімдегілер - «Андижандықтар».

Матч 2:2 есебімен тең аяқталды, 90+4 минутта екі клуб құрамынан 4 футболшы алынып тасталды.
Өзбекстанның кәсіби футбол лигасы (КФЛ екі клуб ойыншыларының ойнауына тыйым салды.

Соңғы жаңалықтар