Тері мен жүнді тереңдетіп өңдейтін өкілеттілік АШМ құзырына берілмейді
2022 жылғы 13 сәуір 18:31

Тері мен жүнді тереңдетіп өңдейтін өкілеттілік АШМ құзырына берілмейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына жолдаған жауабында тері мен жүнді тереңдетіп өңдеу мәселесін Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағына беру неге мүмкін емес екенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шикізат өндіру, жүн мен теріні бастапқы өңдеу мәселелері Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзырына жатады. Ал тері мен жүнді тереңдетіп өңдеу Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жеңіл өнеркәсіп және қайта өңдеу саласына жатады. Өз кезегінде бастапқы өңдеуді де, тереңдетіп өңдеуді де қолдау шаралары айқын ажыратылған», - деп жазды Әлихан Смайылов өз жауабында

Осыны алға тартқан Үкімет басшысы тері мен жүн өңдеу ісін түгелдей Ауыл шаруашылығы министрлігіне өткізуге негіз жоқ деген пайым айтады.

«Осыған байланысты былғары мен жүндітереңдетіп өңдеу мәселесін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құзырынан Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарауына беру қарастырылып отырған жоқ», - делінген жауапта.

Бұған дейін Әлихан Смайыловтың Мәжіліс өкілдерінің депутаттық сауалына жолдаған жауабында диқандар үшін тыңайтқыш бағасын арзандатуға республикалық бюжеттен қосымша қаржы бөлу мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT