Тері қатерлі ісігі: Медицинада меланоманы емдеуде жаңалық ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Швейцариялық ғалымдар тері қатерлі ісігін емдеуде үлкен қадам жасады. Олар «Кобиметиниб» және «Зелбораф» препаратының қосарланған терапиясы тері қатерлі ісігі - меланомаға шалдыққан науқастардың өмірін ұзартып, ұзақ уақытқа бетін қайтарады деп санайды.

«Осы уақытқа дейін пайдаланылып келген емдеу терапиясында ілгері жылжу байқалды. Швейцариялық мамандар «Кобиметиниб» және «Зелбораф» препаратын қосарлы пайдалану ісіктің өсуін тоқтататындығын анықтады. Тәжірибеге 495 науқас қатысты. Зерттеулер аталған курстың меланоманы емдеуде үлкен жетістіктер әкелетінін дәлелдеп отыр», - деді Рош компаниясының медициналық директоры Сандра Хорнинг.

Бұл дерт әлем медицинасында үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Жылдан-жылға тері ауруына шалдыққан жандардың саны артуда.

Әлемде жылына 232 000 адам аталған дертке шалдықса, 70 000-ға жуық адам қаза болуда.

Рош компаниясы аталған зерттеу жұмыстарының қорытындысын АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы мен Еуропа дәрі-дәрмек агенттігіне ұсынуды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар