Тері бұйымдарының импортынан түсетін салық 40 пайызға өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жартыжылдықты қорытындылаған Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті елімізде төрт тауар түріне міндетті таңбалау енгізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елде төрт тауар тобы бойынша міндетті таңбалау енгізілді. Енді тері, темекі бұйымдары, аяқ киім және дәрі-дәрмектер таңбаланады.

Тері бұйымдарын таңбалау нәтижесінде импорттан түсетін кедендік баж және салық көлемі 40 пайызға өсті. Атап айтқанда, 372,3 млн-нан 516,2 млн теңгеге дейін. Ал, осы қызмет бойынша ішкі салық түсімдері 430,8 млн теңгеден 648,6 млн-ға дейін артты», - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметінен.

Бұған қоса, Сауда министрлігіне қарасты орган көліктерге SOS батырмасын орнату міндеттелмейтінін хабарлады.


Соңғы жаңалықтар