Тергеушілер туралы сериал көрерменге жол тартты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық учаске инспекторларының жұмысы жайындағы сериал таяу уақытта көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев Фейсбуктегі парақшасында жазды

Оның атап өтуінше, 5 желтоқсан күні «Хабар» телеарнасында шынайы оқиғалар негізінде түсірілген  Қазақстан тарихындағы ең бірінші детективті сериал  «Тергеушілер» көрсетіле бастаған.

«31-каналда» «31 учаске» деп аталатын учаскелік  полиция инспекторларының  жұмысы туралы сериал  эфирге шығарылуға дайындалып жатыр. ІІМ-нің телесериалдар түсіру бастамасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі тарапынан қолдауға ие болды. Дәурен Әскербекұлына ризашылығымызды білдіреміз», - деді Алмас Садубаев.

Соңғы жаңалықтар