Тергеу мекемесіндегі азаматтар қалай дауыс беріп жатыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласының АК-159/1 мекемесінде тергеу барысына қамауға алынғандар Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауда дауыс берді. №94 сайлау учаскесіне олар мекеме бақылаушыларымен бірге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Заңы бойынша кінәсі сот шешімімен дәлелденбеген азаматтардың дауыс беруге құқығы бар.

Сайлау процесі эпидемияға қарсы талаптарды сақтай отырып өтті. Тергеудегі 401 азамат сайлау учаскесіне екі-екіден бақылаушысыз өтті. Қарағанды тергеу изоляторының 27 адамы алғаш рет дауыс беруге қатысты.

«Сайлауға екі апта қалғанда тергеу барысына қамауға алынғандар саяси партиялармен танысу үшін үгіт-насихат материалдарын алды. Сондай-ақ, сайлаушылар партиялар туралы ақпаратты мекеме аумағында хабар тарататын радиодан білді», - деп хабарлады АК-159/1 мекемесі бастығының орынбасары Есімжан Байтасов.

Тергеу изоляторында сайлаудың құрметіне барлық ұсталғандарға мерекелік таңғы ас пен түскі ас дайындалды.


Соңғы жаңалықтар