Тергеу изоляторларында кездейсоқ қамалған адамдар жоқ – Бас прокуратура
2022 жылғы 7 ақпан 19:26

Тергеу изоляторларында кездейсоқ қамалған адамдар жоқ – Бас прокуратура

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тергеу изоляторларында кездейсоқ қамалған адамдар жоқ. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Арнайы прокурорлар 76 күдіктіні тергеу изоляторларынан босатты. Қамауға алу ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, үйқамаққа және жеке кепілдікке ауыстырылды. Олардың арасында екі әйел мен кәмелетке толмаған 9 жасөспірім болған. Тергеу изоляторларында кездейсоқ қамалған адамдар жоқ екенін жауапкершілікпен мәлімдейміз. Қамауға тек ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны туралы нақты айғақтар бар адамдар ғана алынды. Біз келтіріп отырған сандық мәліметтер – олар тек арнайы прокурорлардың тергеуіндегі істер бойынша екенін атап өткім келеді», - деді Ризабек Ожаров Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

MURAǴAT