+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Терезеден құлаған баланы құтқарған студент оқу ақысын төлемейтін болды

2020 жылғы 27 мамыр 00:28
Бөлісіңіз:
Терезеден құлаған баланы құтқарған студент оқу ақысын төлемейтін болды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Қостанайлық Темірлан Әбдіғалиев бір жылдық оқу ақысын төлемейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай облысында терезеден құлаған баланы құтқарған студент Ақтөбедегі Бәйішев жоғары медициналық колледжінде білім алады. Оған «Жас Отан» жастар қанаты алғыс айтып, студент Бәйішев жоғары медициналық колледжінің бас директоры Бекежан Аханның шешімімен 1 жылдық оқу ақысынан босатылды.

Ал колледж директоры Бақыт Күлбаева адамгершілікке баулыған ата-анасына, мектебіне алғыс хат жолдады.

«Сол күні шай ішіп отырған болатынбыз. Анам көрші үйдің 3-қабатынан терезеге шығып тұрған баланы байқап қалды. Дереу інім екеуміз далаға жүгірдік. Үйдің терезесіне жақындағанда қорқып тұрған баланы көрдім. Содан кейін ол төмен қарай құлап кетті. Ал мен қағып алдым», - дейді Темірлан.

«Жас Отан» ЖҚ АОФ төрағасы Асылжан Бүркіталин замандасының ісі жастарға үлгі екенін айтты.

«Темірлан - ержүрек батырлардың ұрпағы. Оның ерлігін біз барша жастарға үлгі етеміз. Бүкіл жастардың алдында батырдың қолын алар едім, алайда індеттің таралуы қолбайлау болып отыр», - дейді Асылжан Бүркіталин.

Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Динара Иманова-Медеубаева да Темірланнан жақсы маман шығатынына сенімді.

«Темірлан – жанашыр, ақкөңіл жан. Ерекше жағдайда шешім қабылдауға қабілетті. Жауапкершілігі мол», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT