Терезе астындағы концерт: Нұр-Сұлтанда соғыс ардагерлерін қалай құттықтап жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астана әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында Нұр-Сұлтан қаласында ардагерлерді Жеңіс күнімен қалай құттықтап жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қымбатты, достар! Сіздерді шын жүректен Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Біздің ата-бабаларымыз жерімізді қорғау кезінде батырлық пен батылдық танытты. Олардың арқасында біздің еліміз бейбітшілік пен амандықта өмір сүруде. Олардың батырлық өмір жолы – ұрпақтарына жарқын үлгі. Ардагерлерді ұмытпау – біздің парызымыз.

Қаладағы эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, бұқаралық шара өткізу мүмкін болмады. Бірақ оған қарамастан, батырларымызға тиісті көңіл бөлуге тырыстық. Ардагерлердің терезелерінің астында шеру ұйымдастырдық, әскери оркестр өнер көрсетті. Оркестр соғыс жылдарындағы әндерді орындады. Балалардың қуанып, ардагерлерге зор құрметпен қарап, концертті аса қызығушылықпен тамашалағаны қуантады. Балалар кеуделері медальға толған ардагерлердің әскери оқиғаларын қуана тыңдады.


Мемлекет батырларымызға көмек шараларын көрсетуде. Әрбір Екінші дүниежүзілік соғыс ардагеріне мереке алдында 1 млн көлемінде қаржылық көмек көрсетілді, сонымен қатар жеңілдіктер бойынша Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне және т.б. теңестірілетіндерге қаржылық көмек қарастырылған. Басқа да әлеуметтік көмек шараларын ұсынамыз.

Мереке алдында Елбасы тапсырмасымен Кеңес Одағының екі рет батыры, ұшқыш Талғат Бигелдиновке ескерткіш қойылды.

Жеңіс күні әр адамға зор денсаулық пен отбасылық саулық тілеймін!» - деп жазды астана әкімі.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан Жеңіс күнін тойлайды. Биыл 1941-1945 жылдары болған КСРО мен фашистік Германияның соғысындағы Жеңіске 76 жыл толды.



Соңғы жаңалықтар