Тереза Мэй Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Премьер-Министрі Тереза Мэй Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«27 наурыздағы құттықтау хатымда Британ-Қазақстан қатынастарының нығайып келе жатқанын атап өттім. Сол сәттен бастап елдеріміз арасындағы байланыстардың арта түскеніне қуаныштымын», - деп жазған Тереза Мэй жеделхатта.

Біріккен Корольдіктің Министрлер кабинетінің басшысы екіжақты іс-қимылдарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«Сіздің президенттік қызметіңіздің барысында Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы саяси, экономикалық және мәдени салалардағы ынтымақтастықтың жалғаса беретініне, сондай-ақ, елдеріміз арасындағы өзара қарым-қатынастардың одан әрі нығая түсетініне сенімдімін», - делінген жеделхатта.

Соңғы жаңалықтар