Теодор Теодоридис УЕФА бас хатшысы міндеттерін атқарушы болып тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) атқарушы комитеті Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Джанни Инфантиноны УЕФА Бас хатшысы қызметінен босатып, ұйымның бас хатшысы міндеттерін атқарушы ретінде Теодор Теодоридисті тағайындау туралы шешім қабылдады.

Теодорис 2010 жылдан бастап УЕФА бас хатшысының орынбасары қызметін атқарып келген. Ол ұйымда 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Еске сала кетейік, Инфантино ФИФА президенті қызметіне ақпан айының соңында сайланған.

Соңғы жаңалықтар