+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

«Тентек және Айя»: ШҚО ТЖД мамандары мультфильм шығарды

2021 жылғы 5 мамыр 02:12
Бөлісіңіз:
«Тентек және Айя»: ШҚО ТЖД мамандары мультфильм шығарды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіретін мультфильм шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖ департаментінің қызметкерлері балаларға жазғы демалысты қауіпсіз өткізу үшін қандай сақтық шараларын қаперде ұстау қажеттігін түсіндіретін «Тентек және Айя» мультфильмін шығарды. Бұл, құтқарушылардың анимациялаудағы алғашқы тәжірибесі емес.

«Осыған дейін ермексаздан жасалған Тишка есімді қонжықтың оқиғалары туралы мультфильм шығарылған еді. Онда сіріңкемен ойнаудың қауіптілігі, жер сілкінісі мен су айдындарындағы мінез-құлық ережелері туралы айтылған болатын. Биыл анимациялық мультфильм жасауға бел байладық», - дейді ведомство мамандары.



Таңдалған тақырып өте өзекті: күннің жылынуымен тәулігіне 20-ға жуық өрт оқиғасы тіркелуде. Бұның себебі көбінесе – балалардың отпен ойнауы.

«Балалардың мультфильмдерді қалай жақсы көретіні белгілі. Сондықтан оларға өрттің қауіптілігін түсіндіру үшін осындай оқыту әдісін қолдануды жөн көрдік. Мультфильм бірінші кезекте бүлдіршіндерге арналған», - делінген хабарламада.

Авторлар кейіпкерлерді балаларға түсінікті тілде сөйлетуге тырысты. Мультфильмді ШҚО ТЖД ресми сайтынан, YouTube және Instagram-парақшаларынан көруге болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT