Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 22 °С
Алматы: 22 °С
USD 327.42 EUR 383.51
RUB 5.29 CNY 51.26
Жаңалықтар

Тентек немере әжесін 35 градус аязда балконға қамап қойды

2018 жылғы 2 ақпан 21:08 1630
Бөлісіңіз:
Тентек немере әжесін 35 градус аязда балконға қамап қойды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Зейнеткер минус 35 градус аязда екі жасар немересінің тентектігі салдарынан балконда қалып қойған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында үйінен қашып кеткен оқушы екі аптадан соң табылды Алматы әуежайында қылмыстық топ Түркиядан контрабандалық алтын өткізбек болған

Жолда кетіп бара жатқан адамдар бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатының балконынан көмек сұрап жатқан дауысты естіген. Зейнеткер олардан құтқарушыларды шақыруын сұраған.

«Қарағанды облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің №15 өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары бөліміне 65 жастағы қарияны Пришахтинск көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде үшініші қабаттың балконына екі жасар немересінің қамап қойғаны туралы хабарлама түсті», - деп хабарлады Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Екі қауіп болған - қарияны үсік шалуы және пәтердегі сорпа қайнап жатқан газ пешіне екі жасар немересі күйіп қалуы мүмкін еді.

Құтқарушылар оқиға орнына барып, есікті бұзып кіріп, қарияны құтқарған. Дәрігерлер зейнеткерді қарап, үсік шалмағанын айтты. 


Тентек немере әжесін 35 градус аязда балконға қамап қойды

 


Басты сөздер: Қарағанды облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат