Теннистен Нұр-Сұлтан турнирі: Жұптық сын жеребесі тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада өтетін Forte Challenger 100 турнирінде жұптық сындар жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық Александр Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге осы жарыстың жұптық сындағы бірінші ракеткасы болып тіркелген.

Олар бастапқы кездесуін қазақстандықтар Сағадат Аяп – Данил Озерноймен өткізеді.

Денис Евсеев өзбекстандық Денис Истоминмен бірге португалиялық Фредерико Феррейра Сильва – чехиялық Томаш Мачакпен шеберлік байқасады.

Қазақстандықтар Тимофей Скатов пен Достанбек Ташболатов канадалықтар Петр Полански – Брайден Шнурмен кездеседі. Дмитрий Попко мен грузиялық Александр Метревелимен бірге ресейлік Ян Бонадревский – чехиялық Доминик Паланмен кортқа шығады.

21 ақпанда басталатын жарыстың іріктеу сайыстарына төрт қазақстандық теннисші қатысады. Александр Недовесов ресейлік Савриян Даниловпен, Сағадат Аяп тағы бір ресейлік Богдан Бобровпен, Данил Озерной украиналық Владислав Манафовпен, Григорий Ломакин чехиялық Алексей Захаровпен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын елордада өтетін турнирде қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар